Алматы облысының туристік нысандарының жанынан автозертхана ашылады

13 Маусым 2020, 16:01
1548
Бөлісу:
Алматы облысының туристік нысандарының жанынан автозертхана ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында туристік нысандарға карантиндік шаралар күшейтілді.

Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды. 

COVID-19 жағдайларын жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар демалушылар арасында ПЦР-талдау жүргізу үшін Ақши ауылының ОДА аумағында жылжымалы автозертхана ашылады, - делінген хабарламада.

Туристік объектілерде:

- туризм объектілерінің аумағына кіру кезінде дезинфекциялық кедергілер мен тоннельдер орнату;

- әр рейстен кейін автокөлікті дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізушілердің гигиенасына жағдай жасау.

COVID-19 жоққа шығармайтын белгілері бар адамдарды ерте анықтау мақсатында қызметкерлер мен демалушыларды күнделікті бақылауды қамтамасыз ету қажет. Орын саны 100-ден асатын объектілерде міндетті түрде медицина қызметкерінің штаты (немесе шарт бойынша), изоляторы бар медициналық пункттер көзделуі тиіс.

Қапшағай су қоймасының жағалауындағы демалыс аймақтарына апаратын автожолда және Іле ауданының Жетіген ауылдық округінде мобильді бекеттер алынады.

Өзгелердің жаңалығы