Алматы New Media Forum: Сапалы контент – заман талабы

12 Қыркүйек 2023, 11:24
620
Бөлісу:
Алматы New Media Forum: Сапалы контент – заман талабы
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда алғаш рет Жаңа медиа форум (New Media Forum) өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Форум аясында блогерлер мен цифрлық контент авторлары, мемлекеттік қызметкерлер мен инвесторлар медиа саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Алматы New Media Forum: Сапалы контент – заман талабы

Қазақстандағы медиа жыл санап дамып, жаңа сипат алып келеді. Инфодемия жағдайындағы ақпаратты тұтынушы халықтың медиаға деген сенімнің жоғалуы медиа қызметкерлерінің бәрін алаңдатады деп ойлаймын. Кез келген әлеуметтік медиа маркетингтік науқанның негізі – сапалы контент. Сіз әлеуметтік желілерде жариялаған жазбалар сіздің компанияңыздың мақсаттарын тікелей көрсетеді. Осылайша, жоғары сапалы мазмұн сізге сенімді, шынайы және мақсатты аудитория үшін тартымды беделін құруға көмектеседі, – дейді шоумен, «Eki bala» және «Asia Mix» тик-ток жобаларының авторы Эльдияр Кененсаров.

Алматы New Media Forum: Сапалы контент – заман талабы

Әлеуметтік желілер де пайдалы контент ұсынып, аудиториясы әлем елдеріне танылған медиа саласының үздіктері өз білгендерімен бөлісті. Сайтта оқылымды материалдар мен ақпараттарды оқырмандарға ұсыну жолдары айтылды.

Алматы New Media Forum: Сапалы контент – заман талабы

Біз алғашқы жұмысымызды әлеуметтік желілерде қарқынды дамыттық. Оқырмандардың қызығушылығын өзімізге аударуға мүмкікіндік бердік. Осылайша, Repost.uz сайтын дамытуды қолға алдық. Соңғы бірнеше жылда біз материалдарды беру форматтарында белсенді тәжірибе жасадық, оқырмандарымызды бір арнаға шоғырландырдық. Ақпаратты саяси бағытта беріп қана қоймай, түрлі бағытты қамтуды қолға алдық. Мәселен, шоу-бизнес, денсаулық, автомобиль әлемі, технология және спорт туралы ақпараттардың ең маңыздысын таңдап, әр бөлікке бөлдік. Біздің оқырмандар карантин кезінде трафик бойынша шамамен 50%-ға өсті. Осы өсімді әлі күнге дейін сақтап, оқырмандар санын арттыруды қолға алдық. Осы ретте айта кетерлігі, әлеуметтік желі оқырмандарының санын арттыруға таптырмас алаң екендігін есте сақтау қажет, – дейді Repost.uz сайтының негізін қалаушылардың бірі және жетекшісі Тимур Абдуллин.

Форумның спикерлері мен хедлайнерлері заманауи сын-қатерлерді анықтау және олардың қазақстандық қоғамға әсерін бағалау мақсатында «Қазақстан» қонақ үйінде бас қосты.

Өзгелердің жаңалығы