Алматы метросында жолаушыдан телескопиялық дубинка тәркіленді

Тыйым салынған зат жолжүкті рентген арқылы тексеру кезінде анықталып, тәркіленді.

 ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина Бүгiн 2026, 10:51
Бүгiн 2026, 10:51
173
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Алматы метрополитенінің вестибюльдерінің бірінде полиция қызметкерлері көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, жолаушыдан алып жүруге тыйым салынған зат – телескопиялық дубинканы анықтады. Бұл туралы құқық қорғау органдары хабарлады.

Полицияның мәліметінше, қауіпті зат рентген-телевизиялық қондырғы арқылы жолжүкті тексеру кезінде табылған.

Телескопиялық дубинка тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша ер адамның әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Полиция метрополитендегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолжүкті міндетті түрде тексеру жүргізілетінін және қауіпті болуы мүмкін бірқатар заттарды алып жүруге тыйым салынғанын еске салды.

Наверх