Алматы мен Шымкент тұрғындарына «Қазгидромет» ескерту жасады,деп хабарлайды BAQ.KZ.
1 қаңтарда Шымкент пен Алматыда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтілуде.
Алматыда 1 қаңтар күні және 2 қаңтарда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Бірақ жалпы алғанда, қалада ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.
Шымкентте 1 қаңтарда және 2 қаңтарда түнде метеорологиялық жағдайлар да қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтілуде.