«Алматы - Шымкент» жолаушылар пойызының 2 рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ техникалық себептерге байланысты «Алматы – Шымкент» бағытындағы №25/26 Тальго жолаушылар пойызының, 2023 жылғы 6 және 8 қаңтарда Алматы-2 станциясынан және ағымдағы жылғы 7 және 9 қаңтарда Шымкент станциясынан жөнелтілуінің 2 рейсі тоқтатылады, - деп хабарлайды ҚТЖ.
Тоқтатылған пойыз орнына жолаушыларды тасымалдау үшін стандартты вагондардан құрылған №505/506 бір реттік пойыз екі рейске тағайындалады.
Құрамды Алматыдан жөнелту – 2023 жылғы 6 және 8 қаңтар, ал Шымкенттен ағымдағы жылғы 7 және 9 қаңтар жолға шығады. Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі.
Стандартты вагондардан тұратын пойызда сапарға шыққандарға жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленетін болады. Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, - делінген хабарламада.