Алматы мен елорда тұрғындарына 20 мыңнан берілуі мүмкін

14 Сәуір 2020, 22:30
10342
Бөлісу:
Алматы мен елорда тұрғындарына 20 мыңнан берілуі мүмкін
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезінде Алматы мен Нұр-Сұлтанда коммуналдық қызмет үшін тұрғындарға 20 мың теңгеден берілуі мүмкін.

Ашық үкімет порталында осындай мәндегі жарлықтың жобасы жарияланды. Нақты шешім 17 сәуірде қабылданады. Жоба мақұлданса, абоненттердің жеке шоттарына үш ай бойы 20 мың теңгеден аударылып отырады. Мұндай шара коммуналдық мекемелердің өз қызметін үздіксіз көрсетуіне тікелей қолдау болмақ. 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, екі қаладағы абоненттер саны 1 млн 100 мыңды құрайды.


Өзгелердің жаңалығы