«Алматы марафонына» 15 мыңнан астам спортшы қатысады

27 Қыркүйек 2023, 17:49
714
Бөлісу:
«Алматы марафонына» 15 мыңнан астам спортшы қатысады
Фото: Алматы әкімдігі

1 қазанда Орталық Азиядағы ең ауқымды жарысы — «Алматы марафоны» он екінші рет өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 15 мыңнан астам спортшы қатысады. Сөре мен мәре Республика алаңында жоспарланған.

Марафоннан түскен қаржының дені қайырымдылық мақсатқа жұмсалады. Былтыр 45 млн теңгеден астам қаражат Қаскелең мен Талғардағы мүгедек балаларға арналған мектеп-интернаттарға, «Солнышко» балалар үйі мен «Rehab Team» оңалту орталығына спорт нысандарын салып, қажетті жабдықтарды сатып алуға 45 500 000 теңге бөлінді.

Жарыс Сәтбаев көшесі, Сейфуллин даңғылы, әл-Фараби даңғылы, Сайын көшесі, Абай даңғылымен өтеді. 1 қазанда сағат 7:00–ден 13:30–ға дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Спортшылар жүгіріп өткен көшелерде біртіндеп жол ашылады.

Өзгелердің жаңалығы