Алматы маңында жер сілкінісі болды

6 Наурыз 2021, 09:26
2516
Бөлісу:
Алматы маңында жер сілкінісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі бүгін сағат 7:13-те Алматы маңында жер сілкінгенін хабарлады.

Белгілі болғандай, жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстігінен 95 шақырым қашықтықта, яғни Қырғызстан аумағында болған.

Жер сілкінісі (МSК-64 шкаласы бойынша) тұрғындарға сезілмеген.

Оның энергетикалық класы - 10.7. Ал магнитудасы - MPV 4.9. Сондай-ақ жер сілкінісі ошағының тереңдігі 5 шақырым, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы