Алматы маңында жер сілкінді

7 Қыркүйек 2019, 10:51
1921
Бөлісу:
Алматы маңында жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер сілкінісі ошағы Алматы қаласына жақын болды. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады. 

ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 7 қыркүйекте 6 сағат 30 минут 15 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 11 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.  Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.7. Магнитудасы - 4.6 MPV. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда сезілуі 2-3 балл. Қалалық ПД Жедел басқару орталығының мәліметінше, патрульдік полиция жасақтары бүлінген, қираған учаскелерді байқамады.
«Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда, сел қаупі бапр аумақтарда, қирау, бөгеттерде жарық байқалмаған.



Өзгелердің жаңалығы