Бүгін, 7 қаңтар Алматы уақытымен таңғы 09:10 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 55 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.3.
MPV магнитудасы — 4.6.
Тереңдігі — 10 шақырым.
MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында, оның ішінде Түргенде — 3 балл, Алматыда — 2 балл күші сезілді, — делінген кезекші оператордың хабарламасында.