Алматы 22 наурызда толық жабылады

18 Наурыз 2020, 17:00
1562
Бөлісу:
Алматы 22 наурызда толық жабылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн-брифинг кезінде айтты. Оның айтуынша, жұмыс берушілер қазірден бастап қызметкерлерін төленетін демалысқа жіберіп немесе қашықтан жұмыс істеуге көшіріп жатыр. 

Сырттан келіп жұмыс істейтін қоғамдық көлік жүргізушілері, коммуналды қызмет және полиция қызметкерлері уақытша қала аумағына орналастырылады. Қала ішіндегі көлік қозғалысына шектеу қойылмайды. Қоғамдық көлік пен метрополитен штатты режимде жұмыс  істейді. Қазір жолаушылар санының аздығына байланысты қоғамдық көліктер арасындағы уақыт 20 пайызға ұзартылады, - деді ол.  
Сонымен қатар, ол Алматыға кіруге жәнге шығуға 72 сағат уақыт берілгенін жеткізді. 
Бұл аралықта әуе жолы да, темір жол да жұмыс істейді. Сондықтан сыртта жүрген тұрғындарға және қалаға келген қонақтарға қазірден бастап қамдануға кеңес береміз. Бұл шетелдік азаматтарға да қатысты. 22 наурыз күні сағат 00.00 кезінде барлық блокпосттар жабылады, - деді әкім орынбасары.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізген болатын.  Сондай-ақ, Алматының кіреберісіне 27 блок бекет қойылады, блок бекеттерінде патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, "Гранит" полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады.



Өзгелердің жаңалығы