Алматы халқы Серікболсын Әбділдинді ақтық сапарға шығарып салды

3 Қаңтар 2020, 13:01
2599
Бөлісу:
Алматы халқы Серікболсын Әбділдинді ақтық сапарға шығарып салды

НұрСұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы жұртшылығы Жамбыл атындағы филармонияда мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер, ғалым Серікболсын Әбділдинді ақтық сапарға шығарып салды.

Қоштасу рәсіміне саясаткердің туған-туыстары, ғылымдағы және саясаттағы әріптестері, шәкірттері келді.  

Қаралы жиынды Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы басшысы Мамай Ахметов жүргізді. 

Ол 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында дүниеге келген.

1982 – 1985 ж. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары;

1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры;

1986 – 1987 жылы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі,

1990 - 1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы. 

1987–1995 жылы - Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің тұрақты өкілі, Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған.

1995 жылдан - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (қазіргі - Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарды.

Серікболсын Әбділдаұлы 11-ге жуық ғылым еңбек пен 6 монографияның авторы.

Өзгелердің жаңалығы