Алматы кәсіпкерлері Тоқаевты қолдау акциясын бастады

13 Қаңтар 2022, 19:31
1543
Бөлісу:
Алматы кәсіпкерлері Тоқаевты қолдау акциясын бастады
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда кәсіпкер су жаңа жедел жәрдем көлігін ауруханаға тарту етті.

Олар бұзақылар бүлдірген техникалар мен автокөліктердің шығынын толықтай мемлекетке артпау керек деп санайды. Миллиардтаған шығынның барлығын халық қазынасынан өтеу мемлекеттің жоспаралған әлеуметтік жобаларының уақытылы жүзеге асуына кедергі келтіреді. Сондықтан бүлінген дүниенің орнын толтыруға мүмкіндігі бар азаматтар да қол ұшын беру керек деп санайды кәсіпкерлер. Атыраулық кәсіпкер Алматының Орталық клиникалық ауруханасына толықтай заманауи құралдармен жабдықталған жедел жәрдем көлігін  табыстады.

Алматы кәсіпкерлері Тоқаевты қолдау акциясын бастады

Барыс жылы біздің еліміз үшін өте қайғылы күндермен басталып жатыр. Оның үстіне коронавирус қатты таралып жатып. Осыны ескеріп Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының  ұсынысы қабыл алып, осы қалалық клиникалық ауруханасына жедел жәрдем көлігін тарту етіп жатырмын. Еліміз кешегі оқиғадан соң қатты шығына батты. Полция, өрт сөндіру, оның ішінде аурханалардың да отыздан аса көлігі отқа оранып немес қираған. Оның сыртында қаншама әкімдіктің ғимараттары, бизнес нысандары қиарды. Оның бәрін бюджетке салмақ қылып түсірек ауыр тиеді. Мектеп, балабақша, аурухана салу сынды әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына кедергі келтіреді. Осы елде кәсіп қылдық, азды-көпті табыс таптық, өмір сүрдік. Енді осындай қиын кезде бір жағынан шығысып, көмек көрсету азаматтық борышымыз деп өзгеде әріптестерімді осы іске шақырамын, - деді кәсіпкер Әділ Жұбанов.

Алматы кәсіпкерлері Тоқаевты қолдау акциясын бастады

Лаңкестер Алматыда 140 көлікті қиратқан. Елуге жуық көлік өртенсе, тағы осыншалықты арнайы техникаларға оқ атылған. Бұзақылар 32 жедел жәрдем көлігін қиратқан. Оның ішінде төрт машина мүлдем жарамсыз. Жедел жәрдем көлігінің бір данасы кемінде 20 миллион теңге тұрады.

Алматы кәсіпкерлері Тоқаевты қолдау акциясын бастады

Кезекшілік кезінде бір көлік тәулігіне оншақты рет науқастарды тасуға жолға шығады екен. Шығын көлемі әлі анықталған жоқ. Кәсіпкердің аурханаға сыйға тартқан су жаңа жедел жәрдем көлігі қажетті медициналық құралдармен толықтай жабдықталған.

Бұл жедел медициналық көмек көрсету машинасын біз ауыр жағдайдағы науқастарды басқа қаладан немесе өзге ауруханаларға, емдеу мекемелеріне  тасымалдауға қолданамыз. Амбулаторлық гемодиализ қабылдайтын науқастарға да қолданамыз. Клиникаға күніне 250-300 адам медициналық көмекке жүгінеді. Шамамен олардың 50 шақтысы ауруханаға жатқызамыз, – деді Орталық қалалық клиникалық аурханасы директорының орынбасары Гүлбану Қонаева.

Өзгелердің жаңалығы