Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды

8 Желтоқсан 2020, 12:05
1736
Бөлісу:
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Ғани Майлыбаев Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Ғани Майлыбаев 1987 жылы 10 қыркүйекте туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, РФ Президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласындағы Nur Otan партиясының Бостандық ауданындағы филиалының статистикалық есеп секторының меңгерушісі — бас бухгалтері болып бастаған.

Түрлі жылдары Алматы қаласындағы Nur Otan партиясының Алатау аудандық филиалында заңгер-кеңесші, консультант болып жұмыс істеген.

2014-2015 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Nur Otan партиясының Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

2015 жылдан 2019 жыл аралығында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдан 2020 жыл аралығында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары болды.

Бүгінгі тағайындауға дейін ол Жамбыл облысы әкімдігі Туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.
Өзгелердің жаңалығы