"Алматы-Екатеринбург" трассасындағы жол апатынан 6 адам қаза болды

6 Қараша 2023, 17:01
560
Бөлісу:
"Алматы-Екатеринбург" трассасындағы жол апатынан 6 адам қаза болды
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Қарағанды облысында жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысының ПД ППБ командирі Бекзат Сауленбаевтің сөзінше, 6 қараша күні "Алматы - Екатеринбург" тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр, - деді Сауленбаев.

Өзгелердің жаңалығы