Алматыда тағы да 35 дәрігерлік амбулатория ашылады – Сағынтаев

29 Қараша 2019, 11:58
7875
Бөлісу:
Алматыда тағы да 35 дәрігерлік амбулатория ашылады – Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтарды "қадамдық жақындықта" әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету үшін медицина сапасын арттыру жөнінде қандай шаралардың жүзеге асатыны туралы айтты.

Оның сөзінше, қала медицина саласындағы нақтылы істі анықтау үшін барлық медициналық мекемеге аудит жүргізілген. 

Емханалар мен ауруханалардағы 30 мыңнан астам жабдықтардың 10 мың техникалық бірлігі моральдық және физикалық жағынан тозған. Осыған орай, әрбір медицина ұйымдары және аудандар бойынша жабдықтарды модернизациялаудың үш жылдық жоспары әзірленді. Медициналық жабдықтарды сатып алуға 60 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарлануда. 2020 жылдың өзінде 20 миллиард теңгенің жабдықтары алынатын болады", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұдан өзге "қадамдық жақындық" қағидасы бойынша таяудағы үш жыл ішінде жаңа ықшамаудандар мен қалаға қосылған аумақтарда 35 дәрігерлік амбулаториялар ашылады. 

Олардың жетеуі қазірдің өзінде жұмыс істеуде. Жыл аяғына дейін тағы үшеуі ашылады. Алатау ауданында қарашада Жедел медициналық көмек қызметінің жаңа қосалқы станциясы ашылды, осының арқасында Әуезов және Алатау аудандарының сырқаттарына дәрігерлік бригадалардың бару уақыты 25 минуттан 11-13 минутқа дейін қысқарды, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылдың 10 айының қорытындылары туралы айтқан болатын. 

Айтуынша, Алматы қаласын ауызсумен толық қамту 2023 жылы аяқталады. Сондай-ақ, Алматыда 700-ден астам "Сергек" орнатылады.

Бақытжан Сағынтаев 2020 жылы Алматы шетіндегі 120 шақырым жаңа жолдың құрылысы басталатынын айтты. Әкімнің сөзінше, қазірдің өзінде жалпы сомасы $7,5 млрд болатын 58 инвестжобаны қолдайтын ірі инвесторлар анықталған
Өзгелердің жаңалығы