60-қа жуық инвестжобаның қаржысы шешілді – әкім

29 Қараша 2019, 11:52
2410
Бөлісу:
60-қа жуық инвестжобаның қаржысы шешілді – әкім
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әкімдік жұмысының басты бағыты – инвестиция тарту. Doing business субұлттық рейтингі бойынша Алматы бизнесті қолайлы жүргізу жөнінде өңірлер арасында бірінші орында тұр.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев баспасөз мәслихатында осылай деді. 

Бізге әлемдік инвестициялық радарлар қартасына ену қажет. Алматыда жақында өткен инвестфорум біздің мегаполиске және оның даму жоспарларына инвесторлардың үлкен қызығушылығын көрсетті. Біз белсенді жұмыс жасаудамыз, - деді ол. 
Оның сөзіне қарағанда, "Алматы" АКК қызметі оның құрамына Almaty Invest енуінен бастап қайта өзгерді. 
Қазірдің өзінде жалпы сомасы $7,5 млрд болатын 58 инвестжобаны қолдайтын ірі инвесторлар анықталды. Стратегиялық жоспардағы 2019 жылдағы біздің ең басты шешіміміз – Алматы экономикасында басталған құрылымдық тәсіл. Құрылымдық тәсілдің басты мақсаты – қала мен әрбір алматылықтың әл-ауқатының өсуі үшін берік экономикалық база құру, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Бұған дейін, Орталық коммуникациялар кызметіндегі баспасөз конференциясында Бақытжан Сағынтаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылдың 10 айының қорытындылары туралы айтқан болатын. 

Оның сөзінше, Алматыны ауызсумен толық қамту 2023 жылы аяқталады. Бұған қоса, Алматыда тағы да 700-ден астам "Сергек" орнатылатын болады.

Алматы әкімі 2020 жылы Алматы шетіндегі 120 шақырым жаңа жолдың құрылысы басталатынын айтып өтті.
Өзгелердің жаңалығы