Алматы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы ашылады

16 Тамыз 2023, 22:16
638
Бөлісу:
Алматы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы ашылады
Фото: baq.kz

TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесу барысында жаңа терминалдың құрылысы туралы, қолданысқа қашан берілетіндігі жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компания президентінің айтуынша, қазір негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 65%-ға бітті. Қолданыстағы терминалдың эстакадасы биыл 1 қыркүйекке дейін ашылады. Нысанды пайдалануға беру белгіленген мерзімнен бұрын – 2024 жылы жаз айларының басына жоспарланып отыр.

Жаңа халықаралық жолаушылар терминалының ауданы 53 500 шаршы метр. Ол пайдалануға берілген соң Алматы әуежайының өткізу қабілеті жылына 14 млн адамға дейін артады, бұл әуе айлағының жұмысын ретке келтіруге мүмкіндік береді. Айта кетейік, былтыр Алматы халықаралық әуежайы жылына 2,7 млн адамға есептелген өткізу қабілеті кезінде 7,2 млн жолаушыны қабылдады. Биыл жолаушылар саны 9 млн адамға дейін өседі деп болжануда, - деп хабарлады әкімдіктен.

Өзгелердің жаңалығы