Алматы әуежайының объектілері мемлекет меншігіне қайтарылды

7 Сәуір 2023, 10:52
1158
Бөлісу:
Алматы әуежайының объектілері мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: gov.kz

Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайлары заңсыз иеліктен шығарылып, жеке тұлғалардың пайдасына берілгені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас көлік прокуратурасының ақпаратынша, 2003 жылы «Имстальком» компаниясы Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша жаңа жолаушылар терминалын салды. Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңартылған терминалдың сауда алаңдарының бір бөлігі мердігерге шарт бойынша 333 млн теңге мөлшерінде қалған соманы өтеу есебіне өтті. Ал Ішкі мемлекеттік аудит құрылыс салушы алдында қандай да бір берешек болмағанын анықтаған.

Әкімдікке осы объектілерге меншік құқығын қайтару үшін авиациялық көлік прокуратурасы Түрксіб аудандық сотына жауапкер А. Бақтиярқызына жалпы ауданы 1 118,5 ш.м. жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын иеліктен шығаруға байланысты барлық мәмлелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.

Соттың 29.12.2022 жылғы шешімімен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Сот актісі биылғы 13 наурызында күшіне енді.

Қазіргі кезде соттың шешімін орындау аясында меншік құқығын Алматы қаласы әкімдігіне тіркеу «Азаматтарға арналған үкімет» бойынша, ал Әділет департаментімен объектілерді мемлекет пайдасына тікелей беру жұмыстары басталды.

Өзгелердің жаңалығы