Алматы әуежайында таксидің шекті тарифі белгіленді

19 Тамыз 2023, 17:20
910
Бөлісу:
Алматы әуежайында таксидің шекті тарифі белгіленді

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының жанындағы туризм кеңесі қала әуежайындағы такси қызметтерінің құнына талдау жүргізді, деп хабрлайды BAQ.KZ.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде палата төрағасының міндетін атқарушы Нариман Ибрагимов жосықсыз такси жүргізушілер мәселесі реттелгенін айтты.

Спикер салалық комитетпен тарифтер ұсынылып, әуежай аумағында такси бағалары көрсетілген тиісті стендтер ілінгенін атап өтті.

Туристік маусым басында, екі апта ішінде жұмыс тобы таксиге тапсырыс беру қызметтерін ұсынатын AparuTaxi, Region, Yandex Taxi, Uber, Blue Sky Energy құнын талдап, сапардың орташа бағасы есептелді. Жолаушыларды тасымалдау тарифтері бастапқы және баратын пунктке дейін қашықтыққа әрі такси санатына байланысты 1 200-ден 12 000 теңгеге дейін өзгереді. Ең жоғары құны әуежай терминалынан Шымбұлақ тау шаңғысы курортына дейінгі таксидің премиум-сегментінде көрсетіледі, - деді ол. 

Алматы қаласының туризм жөніндегі кеңесі құрамына Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының, Авиациялық көлік прокуратурасының, Алматы қаласы туризм басқармасының, Алматы қаласы халықаралық әуежайының, Түрксіб ауданы ІІБ ЖПҚ, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің, Алматы қаласы ІІД-нің, Қазақстандық туристік қауымдастықтың, Алматы қалалық ТЖК өңірлік палатасының өкілдері енді.

Өзгелердің жаңалығы