Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

15 Наурыз 2024, 11:02
627
Бөлісу:
Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар рейс кешігіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, баспалдақтардың жетіспеушілігі туралы ақпарат жалған.

Жағдай тұрақталғаннан кейін әуежай әуе кемелеріне көктайғаққа қарсы өңдеу жұмыстарын кезекпен қызмет көрсетуді жандандырды.

Жұмысқа барлық арнайы техника мен күшейтілген ауысымдық жеке құрам жұмылдырылды.

Бірінші кезекпен кешіктірілген рейстерге қызмет көрсетілгендіктен, ұшып келген ұшақтар тұрақ орындарының босағанын күтіп тұрды. 

Сондай-ақ жұмысқа барлық жолаушылар баспалдақтары іске қосылғанын хабарлаймыз. Баспалдақтардың жетіспеушілігі туралы ақпарат жалған, - дейді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы