Алматы ауасының ластануы жоғары деңгейде тұр - маман

8 Желтоқсан 2020, 11:32
1607
Бөлісу:
Алматы ауасының ластануы жоғары деңгейде тұр - маман

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы профессор Айна Рысмағанбетова Оңтүстік астананың экологиялық проблемалары мен оны шешудің жолдарына арналған баспасөз конференциясында айтты. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы ауасының ластануы жоғары деңгейді құрайды. 2016 жылмен салыстырғанда ауа құрамындағы зиянды заттардың саны артып келеді. Атмосфераның ластануына әкелетін себептің бірі - автокөліктің көптігі. Олардың атмосфераға шығыны 65 пайызды құрап отыр. Алматыда тіркелген жеңіл автокөлік 471,1 мың бірлікті, жүк көлігі 30,1 мың бірлікті, қала маңындағы көлік саны 10,5 мың бірлікті құрайды, - деді ол.  

Оның айтуынша, ауаның ластауына жылу энергетика кешенінің қалдықтары да әсер етеді. 

Оның құрамына ЖЭО-2-ні жатқызуға болады. Қалада газбен қамтылу деңгейі 96 пайызды құрайды. Алайда ЖЭО-2-ні газға алмастыру жұмысы тағы 5 жылға шегеріліп отыр. Жасылдандыру бойынша 1,5 млн көшет қала аумағында орналасқан. Су нысандарының да ластануы байқалып отыр. Алматы маңында 153 су нысаны бар, - деді ол.  


 

Өзгелердің жаңалығы