"Алматы аруы" байқауының биылғы жеңімпазы анықталды

13 Қыркүйек 2023, 08:05
801
Бөлісу:
"Алматы аруы" байқауының биылғы жеңімпазы анықталды
Фото: zakon.kz

Әр жылы өтетін сұлулық пен талант байқауы мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімімен және көрермендердің дауыс беруінің нәтижесінде "Алматы аруы-2023" атағы Наталья Петриге бұйырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазылар алқасының мүшесі, байқаудың былтырғы финалисі Томирис Заир "Алматы аруы-2023" – Наталья Петриді салтанатты түрде құттықтап, өкілетін тапсырды.

Көрермендер мен қазылар алқасының қошеметіне ие болған жеңімпазға бұл атақтың басты символы – тәж бен бағалы сыйлықтар табысталды.

Үш үміткер – Мадина Әлмұханова (I Vice Miss Almaty), Айша Найрамбет, Аяна Нұрқасымова вице-мисс құрметті атағын алды. Zakon.kz сайты оқырмандарының пікірінше, People Choice номинациясында Мәдина Әлмұханова жеңімпаз атанды.

Арнайы тоғыз номинация бойынша келесі қатысушылар марапатталды:

  • Etno Divа – Айлин Хамидова;
  • Lady Congeniality – Айша Найрамбет;
  • Media Person – Аружан Мәмбетәлі;
  • Fashion Model – Аяна Нұрқасымова;
  • Sport Diva – Виктория Титова;
  • Fashion Style – Мадина Әлмұханова;
  • Qazaq Aruy – Назерке Әлімбекова;
  • Ayauly Aru – Наталья Петри;
  • Talent Performance – Сая Тұрсынбекова.
Өзгелердің жаңалығы