«Алматы» арнасында «Наурыз» телемарафоны өтеді

18 Наурыз 2021, 20:01
1071
Бөлісу:
«Алматы» арнасында «Наурыз» телемарафоны өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 наурызда «Алматы» арнасында «Наурыздан Наурызға амандықпен жүздесейік!» атты телемарафон өтеді. 

Наурыз – күн мен түннің теңеліп, тіршіліктің ұйқыдан оянатын кезеңі. Ұлыстың ұлы күні халық бір-бірін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнайды. 

Халқымыздың Ұлық мейрамы арнаның «Таңғы Студио» бағдарламасымен басталып, түнгі 22:00-ге дейін жалғасады. 

Мерекелік телемарафонда Наурыз мерекесінің тарихы мен дәстүрі туралы тың айтылып, сан ғасырға жалғасқан салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық ойындарымыз дәріптеледі. Телеарна журналистері түсірген эксклюзивті деректі фильм мен бейнебаянның тұсауы кесілмек. Студия төрінде елімізге танымал тұлғалар, өнер жұлдыздары келіп, сырлы сұхбат өрілмек, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ұлы мереке туралы қызықты әрі танымды сюжеттер көрсетіледі. Халықтың ерке қызы Мақпал Жүнісова мен муза әлемінің мұзарты «МузАрт» тобының, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің концерті көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы