Алматыда "Аналар көктемі" акциясы бастау алды

3 Наурыз 2020, 15:38
1419
Бөлісу:
Алматыда "Аналар көктемі" акциясы бастау алды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Медеу ауданындағы "Бақытты отбасы" әлеуметтік Аналар орталығы Алматыда өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Орталықтың жетекшісі Жұмагүл Тәжібекованың айтуынша, аталған акция 31 мамырға дейін жалғасады. 

Біздің орталық Медеу ауданындағы көпбалалы және мұқтаж аналарға жәрдемдесіп келеді. Қазір көптеген аналар көмекке зәру. Осы акция аясында барлық қала тұрғындарын аналардың мәселесіне назар аударып, азда болса көмек көрсетуге шақырамыз,-дейді ол.

Сонымен қатар, ол былтырдан бері жұмыс істеп жатқан орталықтың міндетіне тоқталып, аналарды қандай мәселелер алаңдататынын айтты. 

Былтырдан бері біздің орталық аналарға 6 мыңнан аса әлеуметтік көмек көрсетті. Оның ішінде көпбалалы аналарға АӘК алуда құжаттарды дайындау, консультациялық көмек бар. Сондай-ақ аналардың жаңа кәсіп түрін үйренуі үшін түрлі курстар өткізілді. Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен қолөнер орталығын аштық. Біздің жобаның мақсаты аналарға әлеуметтік көмек көрсетіп қана қоймай, оларды жұмыспен қамтуға атсалысу, - дейді Жұмагүл Тәжібекова. 

"Бақытты отбасы" орталығының әлеуметтік қызметкері Кенжегүл Гүләлиева көптеген аналардың қиын жағдайда екенін және олар қоғам тарапынан үлкен көмекті қажет ететінін айтады. 

Кейбір аналар АӘК бойынша құжат жөндетейін десе көшеге шығуға ақша таппай отыр. Біз сондай отбасыларды аралап, жетелеп жүріп құжаттарын жөндеттік. Бесбалалы Шура есімді бір ана ішімдікке салынып кеткен. Ол көптеген әлеуметтік көмектен тыс қалған. Міне, соны жөнге салып, қазір әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Бұрын үйіне кіру мүмкін емес еді, қазір тұрмысы жақсарып қалды. Сондай-ақ, ол қазір жұмысқа да орналасты, - дейді Кенжегүл Гүләлиева. 

Өзгелердің жаңалығы