Алматы қаласында карантиндік шектеулер жеңілдетілді

13 Қыркүйек 2020, 21:47
1346
Бөлісу:
Алматы қаласында карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен коронавирусқа байланысты карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді. 

Қаулыға сәйкес, 15 қыркүйектен бастап мәдениет нысандары (адамдар саны 30-дан аспайтын жеке және топтық жаттығулар), кітапханалар мен музейлер (ғимараттың толуы 50 пайыздан аспауы тиіс) жұмыс істей бастайды.

Бұл ретте, маска тағу режимі және әлеуметтік қашықтық сақталып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң жүргізілуі, желдету жүйелері іркіліссіз жұмыс істеуі қажет.

- ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарында 3-4 сыныптардың кезекшілік топтары жұмыс істей бастайды.

Бұл ретте, сыныптағы балалар санын 15-тен асырмау және санитарлық нормаларды қатаң сақтау талабы қойылады.
Қаулыны ұйымдастырушылық-құқықтық формасына және қандай ведомство құрамына кіретініне қарамастан барлық заңды тұлғалар орындауға міндетті. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді, - делінген Алматы қалалық бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қол қойған құжатта.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/almatyda-karantin-zhenildetildi-3-4-synyptar-mektepte-oki-alady_a3694150

Өзгелердің жаңалығы