Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

27 Мамыр 2019, 15:29
2637
Бөлісу:
Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы, BAQ.KZ. Ілияс Өсеров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ілияс Өсеров Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің және Туран-Астана университетінің түлегі.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы қызметін атқарған. Бұрындары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болған.

Еңбек жолын ДБАО «Сбербанктің» несие әкімшілігі бөлімінде бастаған. ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда істеген. ҚР Бас прокуратурасының жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болған.

Жаңа қызметінде Ілияс Өсеров стратегия мен бюджет, мемлекеттік активтер, туристік қызмет, халықаралық ынтымақтастық пен цифрландыру мәселелеріне басшылық жасайды.

Өзгелердің жаңалығы