Алматы әкімі кәсіпкерлермен кездесті

15 Қаңтар 2022, 18:25
1381
Бөлісу:
Алматы әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев залалды қалпына келтіру мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесті. Жұмыс сапары барысында мегаполис басшысы шабуыл мен тонауға ұшыраған ШОБ нысандарын аралады.

Сағынтаев сату және сервис орындарының иелерімен, сондай-ақ Promenade, MOSKVA Metropolitan, Asia Park, «12 ай» сауда орталықтарының басқарушы директорларымен әңгімелесті. Қалыптасқан жағдайды талқылау барысында жалға алушылар әкімдік Үкімет комиссиясымен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп шешетін бірқатар мәселелер қойды.

Алматы әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Алматы әкімі бандиттер құрылыс құралдарын басып алған «12 ай» дүкенін аралап көрді. Сауда орталықтарын, қару-жарақ дүкендерін, банктерді тонауда және азаматтарға шабуыл жасауда балта, балға, ара, тегістеуіш және басқа да құралдар қолданылды.

Сонымен қатар, әкім Das auto сервис ТҚКС-ні өртенген жердің иелерімен кездесті. Онда клиенттерге тиесілі 9 автокөлік өртеніп кеткен.

Алматы әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қала әкімі Полиция департаментіне тергеу іс-шараларын жеделдетуді тапсырды.

ШОБ-ке келтірілген залалды бағалау жөніндегі қалалық комиссия қаланың кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, залал көлемі мен өтемақы сомасын есептеу тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ететін болады.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнеске қажетті көмек көрсетілетініне сендірді.

Өзгелердің жаңалығы