Алматы әкімдігінің алдындағы тәртіпсіздікке қатысқан тұлғаларды анықтадық – Бас прокуратура

22 Қаңтар 2022, 17:02
1594
Бөлісу:
Алматы әкімдігінің алдындағы тәртіпсіздікке қатысқан тұлғаларды анықтадық – Бас прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Прокурорлардың әкімшілік жазаларды жеңілдету туралы 298 өтініш-хаты сот қаралымында жатыр. Осыған ұқсас жұмыстарды онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша жүргіземіз. Адамдардың «Stop-terorism.kz» ресми сайтына жолданған бейнежазбалары оқиғалардың мән-жайын анықтауға елеулі көмек көрсетіп жатыр. Қазіргі таңда 1500-ден астам ақпарат түсті. Оларды тергеушілер зерделеп жатыр. Осы ақпаратты пайдалана отырып, Алматы қалалық әкімшілігінің алдындағы тәртіпсіздікке қатысқан тұлғаларды анықтадық, - деді ол. 

Елдос Қилымжанов сайт анонимді режимде жұмыс істейтінін айтты. 

Ақпарат жолдаған адамдардың иелері ешкімге айтылмады. Ол тек тергеу мақсатында ғана қолданылады. Барлық құқық қорғау органы істердің әділетті тергелуіне баса назар аударады, - деді ол. 

Етеріңізге сала кетейік, Бас прокуратураның  бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов 970 күдікті қамауға алынғанын, сонымен қатар азаматтардың құқықтарын бұзу дерегі бойынша қанша арыз түскенін және 9 213 әкімшілік іс қаралғанын айтап өткен болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы