Алматы әкімдігі көшкін салдарынан қаза тапқандарды жерлеуге көмектеседі

8 Ақпан 2024, 14:34
1448
Бөлісу:
Алматы әкімдігі көшкін салдарынан қаза тапқандарды жерлеуге көмектеседі
Фото: ТЖМ

Қала әкімі Ерболат Досаев қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Техногендік сипаттағы лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімдердің денелері табылды.

Құтқару қызметі Медеу ауданындағы қираған үйде тұрған отбасы мүшелерін іздеуді аяқтады. Қайғылы оқиға 4 адамның өмірін қиды. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпын. Оларға шын жүректен қатты қайғырып, көңіл айтамын, - деді Ерболат Досаев.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша отбасының барлық мүшелерін жерлеуді ұйымдастыру үшін көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта осы отбасының елден тыс жерде оқитын  үлкен ұлына білім алуға және елімізге келген соң өмір сүруіне материалдық қолдау көрсетілетін болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда көшкін жүргені туралы жазған болатынбыз. ТЖМ шұғыл мәлімдеме жасап, соған байланысты Алматы қаласының әкімі шұғыл көшпелі кеңес өткізген еді. Бірер сағат бұрын лай көшкіннің астынан 2007 жылы туылған жас жігіттің денесі табылған еді. Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай көшкіннің бірнеше себебін айтқан болатын, сондай-ақ тұрғындар бұл апатқа құрылыс компанияларын кінәлаған болатын. Сонымен қатар, құтқарушылар жұмыс барысы неге баяу жүріп жатқанын айтқан болатын.

Сондай-ақ, лай көшкін салдарынан қаза тапқандардың денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы