Алматы облысында жыл басынан бері 350 кг есірткі заттары тәркіленген

25 Сәуір 2019, 19:48
2369
Бөлісу:
Алматы облысында жыл басынан бері 350 кг есірткі заттары тәркіленген

Алматы облысы, BAQ.KZ. «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары бір тәулікте есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар 7 күдіктіні анықтады.

«Арнайы рейд барысында бір күн ішінде есірткінің заңсыз айналысына қатысы бар жеті тұлға анықталды. Олардан марихуана және гашиш сынды есірткі тәркіленді. Аталған деректер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметі облыс аумағында есірткі сатуды кәсіп қылған 20-дан астам қылмыскерді анықтаған.

«Заңсыз айналымнан тәркіленген әртүрлі есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 350 килограмды құрайды», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы