«Алло, доктор!»: КВИ белгілері байқалса қайда хабарласу керек?

14 Қаңтар 2022, 21:50
1244
Бөлісу:
«Алло, доктор!»: КВИ белгілері байқалса қайда хабарласу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада коронавирустық инфекция мәселелері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының жанынан Азаматтарға арналған call-орталықтар құрылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты денсаулық сақтау қызметтеріне түсетін күш артып келеді. Мысалы, жедел медициналық жәрдем қызметіне тәулігіне 4 мыңнан астам қоңырау түседі, ал шақырулар саны шамамен 3 мыңды құрайды, оның ішінде КВИ мәселелері бойынша тәулігіне 300-ге дейін жетеді.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін емханалар жанында Call-орталықтар жұмыс істейді, осы арқылы пациенттер инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде аумақтық тіркеу бойынша, сондай-ақ КВИ бойынша өзге де медициналық ұйымдардың бәріне жүгіне алады.

Байланыс телефондары қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында көрсетілген. 

Құжатты сілтемелер арқылы жүктеуге болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-uoz/documents/details/196450?lang=ru&publication_type=_283

https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-uoz/documents/details/196450?lang=kk&publication_type=_283

Өзгелердің жаңалығы