Аллергиктер коронавирусқа жиі шалдығады – маман

8 Шілде 2021, 15:27
2667
Бөлісу:
Аллергиктер коронавирусқа жиі шалдығады – маман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 8 шілде - Дүниежүзілік аллергиямен күрес күні. Осыған орай назарларыңызға Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергологиялық орталығының басшысы Таир Нұрпейісовтен бірнеше кеңес ұсынып отырмыз.


Ол «дельта» штамының таралу қаупімен қатар, аллергиялық аурулардың ең көп таралуына себеп болатын арамшөптердің гүлдену кезеңі басталғанын алға тартып, қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады.

 
Аллергиктер аллергиясы жоқ адамдарға қарағанда КОВИД-19-бен жиі ауырады. Демікпеге қарсы препараттарды қабылдау, тіпті, коронавирустық пневмонияның жеңіл ағымына әсер ете алады. Аллергиялық риниттің иіс пен дәмді сезбеу, жөтел, әлсіздік, дене қызуы, бас ауруы секілді белгілері COVID-19 симптомдарына ұқсас болуы мүмкін, - деді Таир Нұрпейісов.

 
Республикалық аллергологиялық орталық басшысының айтуынша, антибиотиктер 80%-ға дейін аллергиялық реакцияға себеп болатын дәрілердің ішінде бірінші орында тұр. Сол себепті өз бетінше емделмей, маман көмегіне жүгінген жөн. Аллергияға шалдығып, дәрі қабылдауға мұқтаж болсаңыз, оларды мысалы, левоцетиризин секілді антигистаминді дәрілік заттардан бастаған абзал. Олар шоктың даму қаупі мен аллергиялық асқынулардың қаупін азайтады деп отыр маман.

 
Сондай-ақ диета ұстап, дүрбелеңге жол бермеңіз. Аллергияны тоқтататын дәрілер сатылымда бар әрі қолжетімді. Биологиялық белсенді қоспалар, поливитаминдер мен өсімдіктен жасалған препараттарды қолданбаған дұрыс дейді ол.

Өйткені пайдасынан қауіптілігі жоғары болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы