"Әлкей Марғұланның әлемі": Ғалымның мұрасы жайлы не білеміз

28 Мамыр 2024, 09:14
737
Бөлісу:
"Әлкей Марғұланның әлемі": Ғалымның мұрасы жайлы не білеміз
PHOTO
Фото: автордан

Елордада Ұлттық архивте "Әлкей Марғұланның әлемі" атты құжаттық көрменің ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл көрмені Ұлттық архив Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, өнертанушы, мәдениеттанушы, тілші, шоқантанушы, эпостанушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырып отыр.

"Әлкей Марғұланның әлемі": Ғалымның мұрасы жайлы не білеміз

Көрменің мақсаты - ғалым Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуын атап өту, архивтік мұраларды жаңғырту, ғалым мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа құжаттық көрменің маңыздылығын дәріптеу.

"Әлкей Марғұланның әлемі": Ғалымның мұрасы жайлы не білеміз

Әлкей Марғұлан 1904 жылы 11 мамырда қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында шаруа отбасында дүниеге келген. 1919 жылдың соңында Павлодар қаласындағы мұғалімдік курста, 1921 жылы Семейдегі педагогикалық техникумында, 1925 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург қаласы) Шығыс институтының филология факультетіне оқыған.

"Әлкей Марғұланның әлемі": Ғалымның мұрасы жайлы не білеміз

Әлкей Марғұлан еліміздің көптеген аймағында, қалаларында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен бірге сан алуан көне аңыз әңгімелер, ертегілер мен эпикалық жырлар нұсқаларын ел арасынан көптеп жинады.

"Әлкей Марғұланның әлемі": Ғалымның мұрасы жайлы не білеміз

Ұлттық архивте 2012 жылы ашылған Әлкей Марғұланның жеке қорының құнды құжаттары, жәдігерлері, қолжазбалары сақталған.

Ұлттық архивтің директоры Сағила Нұрланова көрменің ашылуында сөз сөйлеп, ғалымның аты ешқашан өлмейтінін айтты.

"Әлкей Марғұланның әлемі": Ғалымның мұрасы жайлы не білеміз

"Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді" дейді. Ғалымның хаты қайда сақталады? Әрине ол архивтерде.

Әлкей Марғұлан атамыз биыл 120 жасқа толып отыр. Ол кісі өз өмірінде Алаш арыстарымен араласып, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ғалым. Рухы мықты Әлкей атамыз қазақ археологиясының негізін қалап, оны ауыз әдебиетімен байланыстырып, қазақ даласында эпосқа жуық дастандардың ойдан шықпағанын дәлелдеді. Сонымен қатар қазақ халқының мыңжылдық тарихы бар ұлы халық екенін өзінің көне жәдігерлері арқылы дәлелдеп, зерттеп, өскелең ұрпаққа аманат етіп қалдырып кетті, - деді Ұлттық архив басшысы.

"Әлкей Марғұланның әлемі": Ғалымның мұрасы жайлы не білеміз

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов Әлкей Марғұланның 120 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетінін жеткізді.

Оқу орындарында жазған еңбектері бүгінгі ғылыми айналымның сүбелі материалдарына енді. Шын мәнінде Әлкей Хақанұлы көп ашыла бермеген көне дәуірлерге саяхат жасап, біздің байырғы мәдениетімізді ақ қағазға алтын әріптермен жазған ғалым, - деді вице-министр көрменің ашылуында.

Айта кетейік, көрмеге Әлкей Марғұланның өмірінен сыр шертетін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде сақталған құнды құжаттар қойылды.

"Әлкей Марғұланның әлемі": Ғалымның мұрасы жайлы не білеміз

Оның ішінде Жошы хан кесенесінің сызбасы, Айша бибі мазарының сызбасы, Маңғыстау өлкесінің этнографиялық жазбалары, ру таңбалары, көне дәуірлердегі жебелер, оның түрлері, архитектуралық құрылыс материалдарының сызбалары, суреттері бар.

"Әлкей Марғұланның әлемі": Ғалымның мұрасы жайлы не білеміз

Эльнура Бисенғали

Өзгелердің жаңалығы