Әлия Сапарова: Референдум бойынша халық арасында өзекті сауалдар талқыланып жатыр

18 Мамыр 2022, 10:31
1663
Бөлісу:
Әлия Сапарова: Референдум бойынша халық арасында өзекті сауалдар талқыланып жатыр

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда Парламент Мәжілісінің депутаттары 5 маусым жалпыхалықтық референдумда Ата заңға енгізілетін өзгерістер жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

17 мамырда С.Акишев,  Е.Смышляева, Ә.Сапарова, А.Рау бастаған AMANAT партиясының бір топ халық қалаулылары облыс орталығдағы «Жастар» сарайында бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерінің жиынына қатысты.

Алқалы басқосуға негізгі себеп болған 5 маусымда өтетін референдумның маңыздылығын жұршылыққа жеткізу.

Халық тарапынан алдағы болатын референдумға деген қызығушылық басым. Оның жарқын дәлелі, өзгеріске ұшырайтын Ата заңның әр тармағы бойынша тұрғындар тарапынан өткір сауалдардың қойылуы. Қостанай тұрғындарының белсенділігі соншалық қажетті ақпараттармен мейлінше танысып қалуға тырысып жатыр. Әр кездесу барысы ерекше әсерлі өтіп жатыр, - деді Әлия Сапарова.

Мәжіліс депутатары өңірдің әр аймағына барып халықпен кездесулер өткізіп жатыр. 

Конституциялық реформалар ел тағдырын өзгертуге ықпалын тигізеді. Қарапайым халық өз пікірін білдіріп, өткір ойын ортаға салу үшін осындай саяси сілкіністер керек, - деді ол.

Бұл референдумнан халық үлкен үміт күтіп отыр.

Президенттің Үкіметке, министрліктерге, жергілікті атқарушы органдарға өзінің  кейбір өкілеттігін беру мәселесімен жергілікті әкімдер мен маслихат депутататрының сайлауының өзгеруінен ел үлкен үміт күтеді. Осы мәселелер бұқара халық арасында қызу талқыға салынып жатыр, - дейді Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясының  депутаттық фракциясының мүшесі Әлия Сапарова.

Мәжілісмендер бастауыш партия ұйымдары осы үлкен істі сәтті орындауда зор міндет арқалап отырғандарын жеткізді. 

Жалпы, референдумды қолдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу осымен тоқтап қалмайды. Мәжілісмендер алдағы күндері Қостанай облысының барлық ауданында болып, тіпті шалғай ауылдардың тұрғындарымен жүздесуді жоспарлап отыр. Олардың сапары  Тобыл өңірінде 3 маусымға дейін жалғаспақ. 

Өзгелердің жаңалығы