Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы вакцина алды

30 Наурыз 2021, 10:45
2250
Бөлісу:
Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы вакцина алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы вакцина алды.

Вакцинация туралы көптеген пікір бар және әркім өзі үшін шешім қабылдауға құқылы. Демалыста жүрген едік, Қытай вакцинасын салдырдым, өзімді қалыпты сезінемін. Бірақ денсаулықтың басты кепілі - бұл белсенді өмір салты, күн және барлық нәрсеге оң көзқарас екенін есте сақтау керек, - деп жазды Назарбаева өзінің Instagram парақшасында.


Айта кетейік, елімізде 1 ақпаннан бастап ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдыру науқаны басталған еді. Вакцинаны алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният салдырды.

Өзгелердің жаңалығы