«Әліппені» оқушылар қашан оқитыны айтылды

2 Қараша 2020, 13:30
2329
Бөлісу:
«Әліппені» оқушылар қашан оқитыны айтылды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова «Әліппе» оқу бағдарламасына қашан енгізілетінін айтты.

Бүгінгі таңда «Әліппе» оқулығын дайындау жұмыстары аяқталды. 20-дан астам жұмыс тобының отырысы өткізілді. Практикалық қолданысқа байланысты бірнеше ұсыныс келіп түсті. Соның барлығы зерделенді. «Әліппенің» оқу бағдарламасына қатысты оқулықтар әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстың соңы ретінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап оқулықтар апробацияға енгізілетін болады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті, - дейді Шолпан Каринова. 

Оның айтуынша, сосын оқулық даярлаудың барлық кезеңдеріне байланысты толық талдау жасау жұмысы жүрігізіледі. 

Сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында енгізіледі. Жалпы, «Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланған. Министріміз Асхат Аймағамбетов айтқандай, «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалады. Бұл ұсыныс ғалымдар тарапынан да толық қолдау тапты. Әріптер, дыбыстардың жиілігі, олардың қолдану реттелігі ескеріп, пайдаланып қоданылады. Байтұрсынұлы дайындаған әліппені негізге ала отырып, жаңа заманға сай дайындадық, - дейді вице-министр. 


 

Өзгелердің жаңалығы