Алиментті әдейі төлемегендер жауапкершілікке тартылды

3 Шілде 2021, 18:43
7391
Бөлісу:
Алиментті әдейі төлемегендер жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Әділет департаменті алимент бойынша міндеттемелерін орындамаған борышкерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын  жүзеге асырды.

2021 жылғы 09 маусымда Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкерлер И.И. Иванов пен П.П. Петров (фамилиялары өзгертілген) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139 бабына (алимент төлеудан жалтару) сәйкес кінәлі деп танылды. Үкім бойынша борышкерлердің 1 жылға бостандығы шектеліп, тағайындалған барлық мерзімге пробациалық бақылау қойылып, жаза мерзімі бойынша 100 сағат мәжбүрлеп еңбекке тартылды. Үкімдер заңды күшіне енді – делінген департамент ақпаратында.

Борышкерлердің алимент бойынша берешек сомалары 924733 теңге және 1653260 теңгеге жеткен.

Сотталған борышкерлер бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлемеген.

Қарағанды облысы жеке сот орындаушыларының орындауында 22334 алимент өндіру атқарушылық іс-жүргізу тіркелген. Оның ішінде, 1851 проблемалық өндірістер.

2021 жылдың 1-жартыжылдығында құқық қорғау органдары алимент өндірістері бойынша 76 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғап, оның жетеуі берешек сомасын толық төленуіне байланысты ақталды. Сонымен қатар, тұрақты негізде алимент өндірістері бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру іс-шаралары өткізілуде. 2021 жылдың 1-жартыжылдығында 230 борышкер жұмысқа орналастырылды. Осылайша, Әділет департаментінің алимент тобының атқарған жұмысының нәтижесінде, проблемалық алимент өндірістерінің саны 12 пайызға азайды – дейді мамандар.
Өзгелердің жаңалығы