Қазақстанда алимент төлемегендерді бес күнге қамау керегі ұсынылды

23 Желтоқсан 2019, 17:17
2579
Бөлісу:
Қазақстанда алимент төлемегендерді бес күнге қамау керегі ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев алимент төлеуден қашқан әкелерді бес тәулікке қамау керектігін айтты.

Депуттардың кейбірі борышкер алимент төлеушілерді іздестірудегі кемшіліктердің көп екенін айтып, наразылықтарын жеткізген. 

Депутат Гүлнәр Бижанованың айтуынша, 2018 жылы 1864 алиментшіге іздеуге жарияланып, оның 78-і ғана анықталған. 

Осы күні полиция бөлімдері алимент төлемейтіндерді өндіріп алушының тұрғылықты мекенжайы бойынша ғана іздейді. 2018 жылы алиментшіге іздеуге жарияланып, оның 78-і ғана анықталған. Пайызға шақсақ - 9%. Қалғандары бойынша іздеу жұмыстары тоқтатылды. Осыған байланысты сұрақ: борышкерлерді іздестіру тетігі неге өзгертілмейді?, - деп сұрады Бижанова. 

Өз кезегінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары іздеу қайда жарияланғанына қарамастан, полиция бөлімдері борышкерлерді бүкіл елдің аумағынан іздейді.

Әкімшілік кодекске жауапкершілік пен азаматтарды ұстау мүмкіндігін енгізу қажет. Бұл жерде мәселе басқада. Ол адам қандай тәртіпте іздестіріліп жатыр? Бұл адам азаматтық-құқықтық қатынастар ісі бойынша жауапты болғандықтан, іздестіру тетігі мүлдем басқа. Өйткені қылмыскерді іздеу кезінде өзгеше тәртіп ескерілген. Біз борышкер алимент төлеушіні қамауға алмаймыз, тек сот орындаушысына баруды міндеттейміз, - деді М. Қожаев.

Сондықтан ҚР Ішкі істер министрлігі балаларына алимент төлеуден жалтарған әкелерді бес тәулікке қамауға алуды ұсынып отыр.

Сот шешімін орындамағаны үшін жауапкершілікке тоқталсақ, бес тәулік мерзімге қамауға алуды ескерген жөн. Осы уақыт ішінде сот орындаушысы барлық қажетті шектеу шараларын жүргізе алады, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы