Әлихан Смайылов: Жанар-жағармай мен газға шекті бағалар белгіленді

8 Ақпан 2022, 11:18
1966
Бөлісу:
Әлихан Смайылов: Жанар-жағармай мен газға шекті бағалар белгіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Осы жылдың қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына түзетулер енгізді. Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында осы жылдың басынан бастап Үкіметке шұғыл және жүйелі 108 тапсырма бердіңіз. Бүгінгі күні 44 тапсырма орындалды. Атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде елдің барлық аймағында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді, - деп айтты Смайылов.

Премьер-министр атап өткендей, коммуналдық қызметтердің бағалары мен тарифтерінің өсуіне жарты жылға мораторий енгізілді. Жанар-жағармайға және газға шекті бағалар белгіленді. 

Үкімет жанындағы отандық кәсіпкерлер кеңесі құрылды. Утилизациялық алымдар мемлекетке берілді. 100 пайыз мемлекеттік «Жасыл Даму» АҚ жауапты оператор болып айқындалды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры құрылды және оған бүгінгі күні 115 млрд теңге қаражат жиналды, - деп айтты ол.

Одан бөлек, шағын және орта бизнеске қатысты карантиндік шаралар қайта қаралып, жеңілдетілді.

Өзгелердің жаңалығы