Әлихан Смайылов ТМД және ЕАЭО елдері үкімет басшыларының Путинмен кездесуіне қатысты

10 Маусым 2023, 01:03
549
Бөлісу:
Әлихан Смайылов ТМД және ЕАЭО елдері үкімет басшыларының Путинмен кездесуіне қатысты
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайылов ТМД және ЕАЭО елдері үкімет басшыларының Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлихан Смайылов Сочиде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің және ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырыстары мен басқа да іскерлік іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және тиімділігін атап өтті.

Сондай-ақ ол интеграциялық бірлестіктер аясында алға қойылған барлық міндеттің табысты жүзеге асырылатынына және Сочиде қабылданған шешімдердің екіжақты тиімді жаңа жобаларға айналатынына сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы