Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
2 Мамыр, 10:10 823

Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті қазақстандықтар!

Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Адамгершілік, қайырымдылық, сыйластық пен бауырмалдыққа негізделген Рамазан айының мән-маңызы зор. 

Қасиетті айдың соңы Ораза айт мерекесімен жалғасып, әр мұсылман жақсылық жасауға, игі іс қылуға асығады. 

Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз, қылған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын. 

Халқымыздың бірлігі нығайып, берекеміз арта берсін.

Әрбір отбасына амандық, бақ-береке тілеймін. 

Ораза айт құтты болсын! – деді Әлихан Смайылов


Фото: дереккөз
Загрузка...