Әлихан Смайылов қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездеседі

19 Тамыз 2023, 11:41
982
Бөлісу:
Әлихан Смайылов қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездеседі
Фото: primeminister.kz

Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасы мүшелерімен кездеседі, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шахтинск қаласында Премьер-Министр бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлесті, кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы