Әлихан Смайылов полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

23 Маусым 2022, 13:23
1422
Бөлісу:
Әлихан Смайылов полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлихан Смайылов Қазақстан полициясын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

 Құрметті қазақстандықтар, ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлері! Баршаңызды Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Отандық полицияның қалыптасуы тәуелсіз Қазақстанның даму тарихымен тығыз байланысты. Елімізде соңғы 30 жыл ішінде азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғайтын, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етіп келе жатқан қуатты құрылым қалыптасты. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жанкешті және қажырлы еңбегінің арқасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде ауыр қылмыстар жыл сайын азайып келеді, – деді Премьер-министр. 

Күн сайын ішкі істер органдарының қызметкерлері қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек қолын созып, қылмыстарды ашу және қоғамдық тәртіпті сақтау арқылы жоғары моральдық қасиеттер мен нағыз батырлықтың үлгісін көрсетуде.   

Бүгінде ІІМ жүйесіндегі барлық процестерде бюрократияны жою, цифрландыру және оңтайландыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл шаралар ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге және қылмыстың барлық түрлерінің алдын алу бойынша тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі мерекеде полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, отбастарына амандық және кәсіби табыс тілеймін! Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолындағы қызметтік міндеттеріңізді абыроймен атқаруға тілектеспін! – деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы