Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді

21 Сәуір 2022, 12:02
1169
Бөлісу:
Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онда 2021 жылы және 2022 жылдың І тоқсанында негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторларды орындау қорытындылары қаралды. 

Баяндама жасаған ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров өткен жылдың қорытындысы бойынша НКИ тарту жоспарларын орындауда Шымкент қаласы (жоспардан 115% – 462,1 млрд тг), Ақтөбе облысы (жоспардан 101,8% – 815,6 млрд тг) және Қостанай облысы (жоспардан 101,3% – 416,2 млрд тг) көш бастағанын мәлімдеді.  

Аталған көрсеткіш бойынша СҚО, БҚО және Қызылорда облыстары – аутсайдерлер қатарында.  Мемлекеттік органдар арасында АШМ, ИИДМ және ЦДИАӨМ көш басында тұр. 

Жоспар МСМ-де және ДСМ де орындалмаған. 

Әлихан Смайылов жаңа экономикалық сын-тегеуріндер тек тәуекелдерді ғана емес, сондай-ақ дамуға да мүмкіндіктер ұсынатынын, сондықтан барлық өңірлер мен мемлекеттік органдардың басшылығы осы бағытта жұмысты жандандыруы қажет екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы