Әлихан Смайылов ЕАЭО мемлекеттерін экономикалық өзара белсенділікті арттыруға шақырды

25 Ақпан 2022, 12:29
1283
Бөлісу:
Әлихан Смайылов ЕАЭО мемлекеттерін экономикалық өзара белсенділікті арттыруға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысында мәлім етті.

10 жылдан астам уақыттан бері алкоголь өнімдерінің мүше мемлекеттер нарығына тең қолжетімділікке  жағдай жасау мәселесі шешілмеген. Кейбір жағдайда кедергілерді жою жұмыстары формальды сипатқа ие екенін мойындау керек.

Егер біз ЕАЭО-да ашық нарық құру үшін мүдделі болсақ, біз негізгі ауысымдар туралы шешім қабылдауымыз керек. Сондай-ақ комиссияға қолданылған кедергілерді экономикалық бағалау әдістемесін әзірлеуді ұсынамыз. Кедергі бар екенін айтумен қатар, жалпы бизнеске, интеграцияға тиетін зияға да нақты бағалау қажет, - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов ЕАЭО елдерінің экспортын дамыту үшін тауарлардың еркін транзиті мәселесін шешу керек екенін айтты.

Ұсынылатын транзит шарттары экспорт үшін жиі еңсерілмейтін кедергіге айналады. Бұл теңізге тікелей шығатын жолы жоқ мемлекеттердің экономикалық салаларына барынша теріс әсерін тигізеді. Осы және өзге де мәселелерде комиссия проактивті ұстанымда болуы тиіс. Тараптардың байқаушы болып отыруына жол бермеу керек. Алқа мүшелері кез келген мәселеде Одақ туралы шартта көрініс тапқан барлық нормаларды жедел жүзеге асыруға бағытталған тіимді шешім табу қажет. Бұл ретте халықаралық қызметшілер мәртбесі туралы да естен шығармау және жіберген елдің пайдасына бұрмауы шарт, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы