Әлихан Смайылов әзербайжандық әріптесімен сөйлесті

13 Қаңтар 2022, 18:19
1179
Бөлісу:
Әлихан Смайылов әзербайжандық әріптесімен сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Али Идаят оглы Асадовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Али Идаят оглы Асадов Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. А. Асадов деструктивті күштердің агрессиясы салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты, сондай-ақ еліміз үшін осы қиын сәтте Қазақстан халқына деген қолдауын білдірді. 

Әзербайжан – Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі. Біздің елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог және екіжақты қарым-қатынастардың кең саласы бойынша жемісті өзара іс-қимыл жолға қойылған. Біз өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге ниеттіміз, – деді Әлихан Смайылов. 

Әзербайжан Премьер-министрі А. Асадов ҚР Премьер-министрі А. Смайыловты өзіне қолайлы уақытта Әзербайжанға келуге шақырды. 

Әзербайжан – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $261 млн құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен үш есе көп және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден едәуір артық. 

Биыл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

Өзгелердің жаңалығы