Әлиев Шуша қаласын азат еткенін мәлімдеді

8 Қараша 2020, 18:51
2007
Бөлісу:
Әлиев Шуша қаласын азат еткенін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шуша қаласы – Таулы Қарабақтағы екінші үлкен қала. Ол Ханкентіден (Степанакерт) 11 шақырым жерде орналасқан.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан армиясының Таулы Қарабақтағы Шуша қаласын азат еткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол халыққа үндеу кезінде айтты, деп хабарлайды Report.

Бүгін Әзербайжан туы Шушаның үстінде желбіреп тұр. Бұл менің өмірімдегі ең бақытты күн шығар. Туған Шуша, сен боссың! Туған Шуша, біз қайтып келдік! Туған Шуша, біз сені қайта жандандырамыз! Шуша-біздікі! Қарабақ - Әзербайжан!, – деді Әлиев.

Өз кезегінде армян тарапы Әлиевтің сөздерін әлі растамай отыр.

Шушада жекпе-жек жалғасуда. Біздің әскерге сенім артыңыз және күтіңіз, – деп жазды Армения Қорғаныс министрлігінің өкілі Арцрун Ованнисян өзінің Facebook парақшасында.

Шуша қаласы - Таулы Қарабақтағы екінші үлкен қала. Ол өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақ республикасының (ТҚР) астанасы Ханкенті (Степанакерт) 11 шақырым жерде орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы