Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлі күнге дейін Семей сынақ алаңының жалпы аумағының нақты шекарасы белгіленбеген. Жергілікті әкімдіктер Жер Кодексінің 143-бабының талаптарын қатаң сақтай алмайды.
Бұл туралы депутат Еділ Жаңбыршин Парламент Мәжілісінде «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау барысында айтты.
Семей ядролық сынақ аймағындағы ең өзекті мәселелердің бірі – экология сұрақтары. Бірнеше жыл кешенді экологиялық зерттеулер болды, негізінен радиоэкология бағыты бойынша. Бұл радиоэкологиялық зерттеулердің негізінде Семей сынақ аймағынан өте жоғары деңгейде радиациямен бүлінген аймақ, бөлініп алынбақ. Ал сынақ аймағының басқа территориясын шаруашылық айналымға беру үшін осы жүргізілген радиоэкологиялық зерттеулер жеткілікті ме? Ол территориялар қалай берілмек? Оларды шаруашылық айналымға бермес бұрын кешенді экологиялық зерттеулер жүргізіп, қажет болған жағдайда реабилитация жұмыстарын жүргізу қажет. Нақты шешімдер дайындау үшін Экология және энергетика министрліктері осы мәселені бізбен бірге зерделеген жөн, - деді Жаңбыршин.
Сонымен қатар депутаттың айтуынша, радиация әсері жүздеген жылдарға созылады. Осыған орай кешенді экологиялық зерттеулер белгілі бір уақытта қайта жүргізіп отырған абзал. Бұл норманы да заң жобасында қарастырылады.
«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы» заң жобасы қабылдау елімізде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, іргелес жатқан облыс тұрғындарының денсаулығын сақтау, жаңа энергетика саласын ғылыми-техникалық жағынан зерттеу, радиациямен бүлінген жерлерді қалпына келтіру сияқты жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және мамандар жұмыс тобына белсенді араласып, заң жобасын 2022 жылдың бірінші жарты жылында аяқтаумыз қажет,, - деді Жаңбыршин.