Әлі басталмаған жобаға 3 млрд теңге жұмсалған: Депутат Ұлттық жобадағы олқылықтарды айтты

17 Қазан 2022, 17:23
1234
Бөлісу:
Әлі басталмаған жобаға 3 млрд теңге жұмсалған: Депутат Ұлттық жобадағы олқылықтарды айтты

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Депутаттың айтуынша, «Орталық-Батыс Астана – Қорғалжын – Торғай – Ырғыз» көлік дәлізін жасау әлі басталмаған, ал жобаға 3 млрд теңге жұмсалған. Ал Ұлттық жобаның белгіленген параметрлері орындалмаған. Бұл іс-шараларды жүзеге асыру мерзімдерін немесе жоспарланған көрсеткіштің өзін қайта қарау қажет дегенді білдіреді.

Бұл ретте Альберт Рау құрылысқа халықаралық несиелердің ұзартылуын Есеп комитеті белгілейтінін еске салды. Бұл бағамдық айырмашылық пен пайыздық төлемдер есебінен жоба құнының артуына әкеледі. Мәселен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы бойынша 2015-2024 жылдар аралығында несие 4 рет ұзартылған.Осыған орай депутаттар уәкілетті орган облыс әкімдіктерімен және «ҚазАвтоЖолмен» бірлесе отырып, жоспарланған жол жобаларын уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз етуі керек деп есептейді.

Альберт Рау өз сөзінде жергілікті жолдарды дамытуға қатысты түйткілді мәселелерге де тоқталды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, жергілікті жолдардың 80%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Алайда зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жергілікті маңызы бар жолдардың 18 мың шақырымында немесе 26%-да ғана асфальт-бетон жабыны бар. Ал қалған 74 пайызы қиыршық тас, топырақпен жабылған. Сондықтан депутат министрліктің көрсеткішті қалай есептегініне қызығушылық білдірді.  

Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингі бойынша Қазақстан жол сапасы бойынша 141 елдің ішінде 93-орында. Кения мен Танзания елдері бізден жоғары тұр, – деді Альберт Рау.

Бұған себептің бірі – битум жетіспеушілігі деп отыр.

Жол битумының тапшылығы 2022 жылы 200 мың тоннаны құрайды. Ал бұл үлкен көлемде мұнай өндіретін ел үшін ұят. Президент өз Жолдауында Үкімет бұл мәселені түбегейлі шешуі керектігін айтқан болатын, – деп атап өтті депутат. 

Осыған байланысты мәжілісмендер жолдардың сапасын бағалау критерийлерін қиыршық тасты және топырақты жолдарды қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар қатарына жатқызбау бөлігінде қайта қарауды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы